2026 жылғы қазанның 16-17 аралығында Ташкентте «Колопроктологияның өзекті мәселелері: жетістіктер мен инновациялар» атты III Халықаралық колопроктологтар конгресі өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь және басқа елдің мамандары қатысты.
Қазақстан делегациясының құрамында Алматы №2 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері де болып, заманауи колопроктологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми баяндамалар ұсынды.
- Нуспекова Динара Тулендиеына - №2 ҚКА колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі, PhD, хирургия кафедрасының доценті.
Баяндама тақырыбы: «Колопроктологияда жамбас түбі қызметінің бұзылысы бар пациенттерді кешенді оңалтуда биологиялық кері байланыс әдісін қолдану тәжірибесі».
- Бимурзаева Айя Керимкулова - MD, PhD, ҚРМУ хирургия кафедрасының маманы, №2 ҚКА колопроктология бөлімшесінің дәрігері.
Баяндама тақырыбы: «Тік ішек жыланкөзі бар пациенттерді емдеудің заманауи стратегиясы: хирургиялық, биологиялық және лазерлік технологияларды үйлестіру».
Алматылық мамандардың халықаралық конгреске қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және емдеу мен оңалтудың заманауи әдістерін медициналық тәжірибеге енгізуге ықпал етеді.





