МӘМС мәртебесі болмаса да тегін: қазақстандықтар қандай скринингтен өте алады

    Қазақстанда ауруларды ерте анықтауға арналған негізгі скринингтік тексерулерден МӘМС мәртебесіне қарамастан тегін өтуге болады. Бұл туралы Алматыдағы №11 қалалық емхананың медбикесі Гүлсім Алмағамбетова еске салды.

    Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек пен тік ішек обырын, сондай-ақ В және С вирустық гепатиттерін және басқа да ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтер жүргізіледі.

    Тексеруден өту мерзімі адамның жасы мен ауру түріне байланысты:

    • Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және глаукома – 40–76 жастағы ерлер мен әйелдерге екі жылда бір рет;
    • Сүт безі обыры – 40–76 жастағы әйелдерге екі жылда бір рет маммография;
    • Жатыр мойны обыры – 30–74 жастағы әйелдерге төрт жылда бір рет;
    • Тоқ ішек пен тік ішек обыры – 50–76 жастағы ерлер мен әйелдерге екі жылда бір рет.

    Скринингтен өту үшін тіркелген емханаға хабарласып, биыл қандай тексерулерден өту керегін нақтылауға болады. Медицина қызметкерлері тексеру тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама береді.

    «Белгілердің пайда болуын күтпей, тексеруден уақытында өтіңіз. Ауруды ерте анықтау емді дер кезінде бастауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді», – деді Гүлсім Алмағамбетова.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары