Бүгін Құлсарыда Республика күні қарсаңында жаңа теміржол вокзалының салтанатты ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға қала әкімі Қ.Адинов, Eastcomtrans ЖШС бас директоры А.Абайделдинов, «Теңізшевройл» компаниясының, ҚР Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының қызметкерлері мен ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсімде қала әкімі Қ.Адинов тұрғындар мен жолаушыларды жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі вокзалдың Құлсары қаласының көлік инфрақұрылымын дамытудағы және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.
Жаңа нысан 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету аясында «ИсткомТранс» ЖШС-нің көмегімен салынды.
Жалпы аумағы 846,6 шаршы метрді құрайтын жаңа вокзалда жолаушыларға арналған кең күту залы, медициналық пункт, ана мен бала бөлмесі, сақтау камерасы, кафе, заманауи санитариялық тораптар, тегін Wi-Fi және кедергісіз орта қарастырылған.
Сонымен қатар, вокзал аумағы мен перрон толық абаттандырылып, автотұрақ, жарықтандыру, орындықтар, беседкалар орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Жаңа вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және теміржол инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.









