Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 104-бабына сәйкес қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне тұруға міндетті.
🔹 Кімдер тіркеу есебіне тұруға міндетті?
Оларға мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жатады:
▪️ бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және Кодексте көрсетілген отынның басқа да түрлерін өндіру;
▪️ аталған отын түрлерін көтерме және бөлшек саудада өткізу;
▪️ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру;
▪️ алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізу;
▪️ темекі өнімдерін өндіру және көтерме саудада өткізу;
▪️ ойын бизнесі саласындағы қызмет;
▪️ Салық кодексінде көзделген жекелеген акцизделетін тауарларды өндіру және құрастыру (жинақтау);
▪️ тауарлардың электрондық саудасы.
📌 Тіркеу қай жерде жүргізіледі?
Тіркеу есебіне қою тиісті қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі.
📌 Хабарламаны қандай мерзімде беру қажет?
Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көзделген қызмет түрлері бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама қажетті құжаттармен бірге тиісті қызметті бастауға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын салық органына ұсынылады.
📌 Әрбір объектіні жеке тіркеу қажет пе?
Иә. 104-баптың 1-тармағының 1)–5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде бірнеше объект болған жағдайда, әрбір салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект жеке тіркеу есебіне қойылады.
Сондай-ақ әрбір ойын мекемесі жеке тіркеу есебіне қойылады. Ойын мекемесінің аумағында тіркеу есебіне қойылмаған салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.
📌 Тіркеу қандай мерзімге жүргізіледі?
Егер тиісті қызмет түрі лицензиялауға жататын болса, лицензия болған жағдайда тіркеу есебіне қою лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
Маңызды! Қызметті бастамас бұрын оның тіркеу есебіне қоюға жататын қызмет түрлеріне кіретінін тексеріп, салық заңнамасында белгіленген талаптарды уақтылы орындаңыз.
#Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп









