Кентау қаласында құтқарушылар марапатталды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 2

    Қала әкімі азаматтық қорғау қызметкерлерін марапаттап, олардың ерлігіне алғыс білдірді.

    Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов азаматтық қорғау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

    Құттықтау сөзінде қала әкімі құтқарушылардың адам өмірін сақтап қалудағы маңызын атап өтіп, олардың батылдығы мен кәсібилігіне тоқталды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарып, сала жұмысына үлес қосқаны үшін 2 қызметкер облыс әкімінің және 5 қызметкер қала әкімінің алғыс хаттарымен, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен 5 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар Ауыл құтқарушылары бекетінің 4 қызметкері қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    Мерекелік жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Үсен Рахмет және қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

    Құтқарушылардың күнделікті қызметі – үлкен жауапкершілікті, табандылық пен батылдықты талап ететін абыройлы міндет. Олардың еңбегі қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары