1 / 12
Астанадағы Жастар сарайында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері, басшылығы мен жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты іс-шара барысында бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген құтқарушылар ведомстволық наградалармен және медальдармен марапатталды.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздардың өнері жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік іс-шараның көркін аша түсті.









