ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚҰТҚАРУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

    1 / 7

    Құтқарушылар күніне орай қалалық Жастар саясаты басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен танымдық кездесу өтті. Шараға қала жастары мен төтенше жағдайлар саласының мамандары қатысты.

    Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға құтқарушы мамандығының қоғамдағы орнын түсіндіріп, төтенше жағдайдың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін үйрету.

    Жиынды орталық басшысысының орынбасары⠀Қуаныш Серікбай ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол бұл мамандық үлкен жауапкершілік пен төзімді талап ететінін атап өтті.

    Кездесуге Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Асқар Шәріп, радиациялық-химиялық бөлімнің бас құтқарушысы Үсен Рахматуллаев, Әл-Фараби аудандық №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дәулет Орынбек және патрульдік полиция инспекторы Нұрлан Жұмабай қатысты.

    Мамандар өз қызметтерінің қыр-сырымен бөлісіп, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы минуттардың маңызын түсіндірді.

    Жиында Бадам өзенінде болған оқиға көпшіліктің назарын аударды. Патрульдік полиция инспектор Нұрлан Жұмабайдың айтуынша, тәртіп сақшыларының жедел әрекеті екі қыздың өмірін аман алып қалған.

    Шара соңында жастар мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, қауіпсіздік ережелері жөнінде толық кеңес алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары