Қызметтерді цифрландырудан технологиялар экспортына.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жеті жыл ішінде Қазақстан ауқымды цифрлық трансформациядан өтіп, технологиялық дамудың жаңа кезеңіне шықты. 2019–2026 жылдардағы негізгі көрсеткіштер:
    ▪️ Электрондық үкімет: Қазақстан БҰҰ-ның 193 ел арасындағы көрсеткішінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, 15 сатыға ілгеріледі.
    ▪️ Ғарыштық технологиялар экспорты: нөлден 70 млн долларға дейін өсті.
    ▪️ IT-экспорт: 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Astana Hub көрсеткіші 633 млн долларды құрады.
    ▪️ Интернет: халықты интернетпен қамту деңгейі 84%-дан 98%-ға дейін өсті, орташа жылдамдық 21-ден 88–94 Мбит/с-қа жетті. Бесінші буын байланысы, 5G енгізілуде.
    ▪️ Цифрлық мемлекеттік қызметтер: цифрландырылған қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.
    ▪️ Қолма-қол ақшасыз экономика: қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге артып, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге дейін өсті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары