Тимирязев ауданында Отбасы күніне арналған ауқымды «Отбасылық көңілді старттар» спорттық іс-шарасы өтті!
Мерекелік шара аудан отбасыларын біріктіріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер мен спорттық қызығушылық сыйлады. Командалар ұйымшылдықтарын, ептіліктерін, шапшаңдықтарын және нағыз командалық рухтарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық командалар белсенді қатысқаны үшін марапатталып, тәтті сыйлықтар мен тиісті дәрежедегі дипломдарға ие болды.
«Отбасылық көңілді старттар» әр отбасыға бірге уақыт өткізуге, отбасылық дәстүрлерді нығайтуға және спорттың ұрпақтарды біріктіретінін тағы бір мәрте дәлелдеуге тамаша мүмкіндік болды!
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, жаңа жеңістер мен жарқын спорттық жетістіктер тілейміз! 🏆🏃♀️🏃♂️👨👩👧👦






