Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
2026 жылғы 2 қазанда Тимирязев ауданында Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бұл күн аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың ауданның қоғамдық өміріне қосқан еңбегін атап өтуге арналған ерекше күн болды.
Іс-шара барысында аудан әкімі Жаров Ерлан Қайырұлы спорт ардагерлеріне белсенді өмір салтын ұстанып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі, жастарға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» кубогын табыстады.
Спорт ардагерлері – жылдар бойы спорт саласына еңбегін арнап, ауданымыздың спорттық жетістіктеріне өз үлесін қосқан, кейінгі ұрпаққа өнеге болып жүрген жандар.
Барша аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, көтеріңкі көңіл-күй және өмірлік қуат тілейміз! Әр күндеріңіз жылулық пен қуанышқа толы болсын!








