Түркістан облысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады

    Төлеби ауданында қарсы бағыттағы жолаққа заңсыз шыққан жүргізуші сот шешімімен 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Оқиға Леңгір қаласында таңғы уақытта болған. Audi A6 автокөлік жүргізушісі қозғалыс кезінде алдында келе жатқан көлікті басып озу үшін қарсы бағыттағы жолаққа шыққан.
    Құқық бұзушылық Төлеби аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Жинақталған материалдар негізінде патрульдік полиция инспекторлары жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Сот қаулысымен 63 жастағы жүргізуші 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
    Полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қарсы бағыттағы жолаққа шығу жол-көлік оқиғасына себеп болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жолдағы әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары