Астанада Creative Shift өңірлік буткемпі басталды

    1 / 4

    Астанада креативті индустрия өкілдерінің кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіруге және жобаларын нарыққа шығаруға бағытталған Creative Shift акселерациялық бағдарламасы бойынша өңірлік буткемпі басталды.

    19-25 қазан аралығында қатысушылар маркетинг пен брендинг құралдарын, жасанды интеллект мүмкіндіктерін және инвестиция тарту тәсілдерін меңгереді. Оқытуды қазақстандық және халықаралық сарапшылар жүргізеді.

    Алматы, Шымкент және Астанадағы өңірлік буткемптерге креативті индустрия саласының 500-ден астам өкілі қатысты. Бағдарлама оларға жобаларын дамытуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және нарыққа шығуға көмектеседі.

    Өңірлік кезеңдердің қорытындысы бойынша іріктелген жоба авторлары жеті күн бойы тәлімгерлермен жұмыс істейді. Буткемп соңында Pitch Day өтіп, қатысушылар өз жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстырады.

    Creative Shift бағдарламасын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастырады. Бағдарлама шығармашылық кәсіп иелерінің әлеуетін арттыруға және еліміздегі креативті индустриялардың дамуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары