Никосияда тұрақты даму мақсатындағы волонтерліктің маңызы талқыланды

    Никосияда Волонтерлік ұйымдардың жалпыкипрлік үйлестіру кеңесінің (PCCV) жыл сайынғы 33-конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) аясында ұйымдастырылды.

    Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі волонтерлердің рөлін және түрлі жастағы азаматтарды волонтерлікке тарту жолдарын сөз етті. Конференцияға мемлекеттік органдардың, қоғамдық, кәсіби ұйымдардың өкілдері және волонтерлер қатысты.

    Жиында жуырда зейнетке шыққан азаматтарды волонтерлер қатарына тарту мәселесі де талқыланды. Азаматтардың білімі мен тәжірибесі қоғамдық бастамаларды дамыта түссе, волонтерлік қызмет өз алдына зейнеткерлердің белсенді өмір сүруіне және қоғамға пайдасын тигізуіне ықпал етеді.

    Бұдан бөлек, қатысушылар волонтерлік қозғалысты нығайтуға және оның тұрақты даму мақсатына қол жеткізудегі үлесін арттыруға бағытталған стратегиялар мен бастамаларды талқылады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары