Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері, құтқарушылар, өрт сөндірушілер және Атбасар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барша азаматтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құтқарушы мамандығы – үлкен батылдықты, табандылықты, жауапкершілікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап ететін абыройлы қызмет. Сіздер күн сайын адам өмірі мен мүлкін қорғап, түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Табиғи апаттар мен өзге де қауіп-қатерлер кезінде жедел әрекет етіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Әсіресе, су тасқынының зардаптарын жоюға қатысқан барша азаматтарға айрықша алғысымды білдіргім келеді. Осындай күрделі кезеңде Сіздер тәулік бойы еңбек етіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге, қорғаныс құрылыстарын нығайтуға және су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге белсенді атсалыстыңыздар. Бұл – кәсіби шеберліктің, төзімділіктің және ел алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді жұмыс атқаратын диспетчерлердің, жүргізушілердің, медицина қызметкерлерінің және басқа да мамандардың еңбегі де зор. Олардың әрқайсысы адам өмірін сақтап қалуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.
Сонымен қатар, көп жылғы тәжірибесімен, мамандығына деген адалдығымен және жауапкершілігімен кейінгі буынға үлгі болып жүрген сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.
Құрметті қызметкерлер мен сала ардагерлері!
Қиын да жауапты қызметтеріңіз, азаматтық борыштарыңызға деген адалдықтарыңыз және ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды қабыл алыңыздар. Қызметтеріңіз әрдайым сәтті өтіп, әріптестеріңіздің қолдауы мен өз күштеріңізге деген сенім серік болсын. Әрбір кезекшіліктен аман-есен оралып, отбасыларыңыздың ортасында тыныштық пен берекеге бөленулеріңізге тілектеспін.
Сіздерге қызметте толағай табыс, тыныш кезекшілік, сенімді техника және төтенше жағдайлардың барынша аз болуын тілеймін!
Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні құтты болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және халық игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!









