Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту ( толықтыру)

    Декларанттың электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште ұсынылған өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі. Бұл ретте декларанттың өтініші алынған сәтте кеден органы Кеден кодексінің 410-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салмаған, кедендік қарап-тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабарлама жібермеген, кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім қабылдамаған және (немесе) кедендік сараптама жүргізуді тағайындамаған болуы тиіс.

    Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген талаптарға қарамастан, декларанттың электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште берілген өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен тауарлар шығарылғанға дейін, егер мұндай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар декларацияланатын тауарлардың орналасқан жері туралы мәліметтердің өзгеруіне немесе тауарларды шығаруға әсер етпейтін баспа қателері мен грамматикалық қателерді түзетуге байланысты болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол беріледі.

    Тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде бастапқыда тіркелген кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардан өзгеше тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге жол берілмейді.

    Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық көшірмесіндегі мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
    #Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары