Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    1 / 5

    Астанадағы Qazaq Creative Hub кеңістігінде Қарағанды облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтары өңірдің бай мәдени мұрасымен, шығармашылық туындыларымен және заманауи технологиялар саласындағы тың жобаларымен танысты. Жәрмеңкеге шығармашылық индустрияның 55-тен астам өкілі қатысып, өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Олардың арасында дизайнерлер, суретшілер, зергерлер, қолөнер шеберлері мен IT-мамандары бар.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Келушілер авторлық әшекейлерді, киім топтамаларын, қолдан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ жасанды интеллект пен ұшқышсыз технологияларға негізделген жобаларды тамашалады.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Жәрмеңке шығармашылық иелері мен кәсіпкерлерге жаңа серіктестер табуға, іскерлік байланыстар орнатуға және өз брендтерін кеңінен танытуға жол ашты.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей бастап барды. Ол креативті индустрияның экономиканы өркендетудегі және ұлттық мәдениеттің өзіндік болмысын сақтаудағы маңызына тоқталды.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    — Креативті индустрияны дамыту арқылы біз ұлттың дарыны мен зияткерлік әлеуеті стратегиялық ресурсқа, ал Қазақстанның мәдени бірегейлігі жаһандық бәсекелестіктегі басымдығына айналатын экономиканы қалыптастырамыз. Мемлекет басшысы бұл саланың экономикалық мүмкіндіктері зор екенін үнемі атап өтіп келеді. Бүгінде Қазақстанда осы бағытта шамамен 160 мың адам еңбек етеді. Бұл — сандық көрсеткіш қана емес, сонымен қатар жаңа мамандықтар, жеке кәсіп ашу және өз шеберлігі арқылы табыс табу мүмкіндігі. Біздің міндетіміз — талантты адамдардың өз қабілетін туған өңірінде жүзеге асыруына жағдай жасау, - деді Әлібек Әлденей.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Жәрмеңке бағдарламасындағы маңызды оқиғалардың бірі — суретші, халықаралық антиядролық қозғалыстың белсенді өкілі Кәріпбек Күйіковтың «Қайсар рух» және «Жизнь без рук» атты кітаптарының таныстырылымы болды. Автор кездесуде өзінің өмір жолы мен ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы көпжылдық күресі туралы әңгімеледі.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Келушілер назарына дизайнер Гүлнұр Жарылханованың киім топтамасы, ұлттық нақышта жасалған әшекейлер мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары да ұсынылды.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Қонақтар дәстүрлі қолөнер үлгілерін тамашалап қана қоймай, шеберлік сабақтарына қатысып, өз қолдарымен бұйым жасап көруге мүмкіндік алды.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Жәрмеңкенің музыкалық бағдарламасын Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің шығармашылық ұжымдары ұсынды.

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Қолөнерден жасанды интеллектке дейін: Қарағандының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары