КЕНТАУДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

    КЕНТАУДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
    Кентау қаласында еркін күрестен республикалық турнир өтті. Екі күнге созылған дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген 12 команда құрамында 120-ға жуық спортшы қатысып, бозкілемде өзара мықтыны анықтады.
    Жарысқа Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау қалаларынан және Түркістан облысының бірқатар ауданынан келген балуандар қатысты.
    Турнирдің ашылу салтанатында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов сөз сөйлеп, бұқаралық спортты дамыту мен жас спортшылардың шеберлігін шыңдаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңіске деген жігер мен табандылықтың спорттағы жетістіктің негізі екенін атап өтті.
    Екі күн бойы тартысты өткен белдесулер нәтижесінде командалық есепте үздіктер анықталды.
    Жүлделі орындар, І орын – Түлкібас командасы, ІІ орын – Ақтөбе командасы, ІІІ орын – Төлеби командасы иеленді.
    Республикалық турнир жас балуандардың тәжірибе алмасуына, спорттық әлеуетін арттыруына және еркін күрестің кеңінен дамуына мүмкіндік берді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары