КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ӨТТІ

    1 / 6
    КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ӨТТІ
    Бүгін Кентау қаласында «Дара Ұрпақ» инклюзивті театрының шығармашылық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
    Іс-шараның басты мақсаты – инклюзивті өнерді дамыту, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың шығармашылық әлеуетін қолдау және қоғамда мейірімділік, өзара құрмет пен тең мүмкіндік құндылықтарын дәріптеу.
    Қойылым барысында театр әртістері өз өнерлері арқылы көрермендерге ерекше әсер сыйлап, адам бойындағы қайсарлықты, өмірге деген құштарлықты және рухани күшті көрсетті.
    Кентау қаласының әкімі Ж.Тасов театр ұжымына шығармашылық еңбегі мен тағылымды қойылымы үшін алғысын білдірді. Қала әкімі өнердің адам жүрегіне жол тауып, ізгілікке үндейтін ерекше күш екенін атап өтіп, инклюзивті шығармашылық бастамалардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
    Мұндай мәдени іс-шаралар қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтып, әр адамның қабілеті мен шығармашылық мүмкіндігін бағалауға жол ашады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары