1 / 9
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов VIII шақырылым қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесіп, олардың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.
Кездесу барысында қала әкімі депутаттардың қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлестерін атап өтті.
2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты елімізде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу көзделіп отыр.
Мәслихат депутаттары жергілікті маңызы бар мәселелерді көтеріп, қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін назарға алуға және өңірдің дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға атсалысты.









