Қауіпсіздік қызметіндегі цифрлық технологиялар: ШҚО-да қандай жаңашылдықтар енгізілуде

    Қауіпсіздік қызметіндегі цифрлық технологиялар: ШҚО-да қандай жаңашылдықтар енгізілуде

    Бейнебақылау камералары, бейнеаналитика және ұшқышсыз ұшу аппараттары — бұл құралдар Шығыс Қазақстан облысының полициясына қоғамдық тәртіпті бақылауға, құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтауға және жедел іс-шараларды жүргізуге көмектеседі.

    Цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Эльдар Қарсақпаев айтып берді.

    Цифрландыру бағыттарының бірі — облыс аудандарында да Жедел басқару орталықтарын дамыту. Олар «102» арнасына келіп түсетін хабарламаларды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыруға, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.

    Жағдайды бақылау үшін әр аудан орталығында 77 бейнебақылау камерасынан орнатылған. Камералардан түсетін бейне облыс орталығы мен Ішкі істер министрлігінде де қолжетімді. Бет-әлпетті тану функциясын қоса алғанда, бейнеаналитика жүйесі келіп түскен ақпаратты өңдеуге және құқық бұзушылықтардың мән-жайын оқиға ізін суытпай анықтауға көмектеседі.

    Полиция жұмысында ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылады. Олар әуеден патрульдеу, адамдарды іздестіру және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылады.

    Цифрлық шешімдер полицияның мүмкіндіктерін кеңейтіп, ақпаратты уақытылы алуға, жағдайды бағалауға және оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары