Амман, 2026 жылғы 17 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі жыл сайын өтетін 62-ші халықаралық дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара Амман қаласындағы «Әл-Хусейн жастар қалашығында» Иордания Ханшайымы, Биік Мәртебелі Басма бинт Талалдың қамқорлығымен және қатысуымен өтті. Жәрмеңке әлем елдерінің мәдениеттерімен және ұлттық дәстүрлерімен таныстыруға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды нығайтуға арналған алаң болып табылады.
Дәстүрлі киіз үй үлгісінде безендірілген қазақ павильоны келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Қонақтар Қазақстанның мәдени мұрасымен, ұлттық киімдерімен және әшекейлерімен танысып, кәдесый өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік алды.
Ханшайым Басма бинт Талалды павильонда Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Ханшайым Қазақ павильонының жәрмеңкеге келушілер арасында бірнеше жылдан бері танымал екенін және ұсынылған экспозициялар арасында ерекше орын алатынын атап өтті.
Анықтама:«Мабаррат Ум Әл-Хусейн» ұйымын 1958 жылы Иордания Патшайымы марқұм Зейн Аш-Шараф құрған (Иордания Королі марқұм Талал бен Абдалланың жұбайы және Иордания Королі марқұм Хусейн бен Талалдың анасы).
Бұл мекеме Иорданиядағы алғашқы қайырымдылық ұйымдардың бірі болып табылады және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 6–18 жас аралығындағы ұлдарды баспанамен және білім алумен қамтамасыз етеді.
Жәрмеңке аясында жиналған қаражат қайырымдылық ұйымының қызметін қолдауға бағытталады.








