ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫНА ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ АРАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 14

    17 қазанда Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев аудан аумағындағы құрылыс және абаттандыру нысандарына инспекциялық аралау жүргізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйін тексерді.

    Алғашқы нысан – №4 арнайы мектеп-интернат.

    Ладыгин көшесі, 33 мекенжайында зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат аумағында 100 орындық жатақхана мен 200 орындық асхана құрылысы жүргізілуде.

    Жоба аясында 27 жатын бөлме, кітапхана, ойын және сабаққа дайындық аймақтары, сондай-ақ арнайы сенсорлық бөлме қарастырылған. Жаңа нысан балалардың жайлы тұруына, білім алуына және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Келесі нысан – Family Park саябағының алдындағы аумақ.

    Инспекциялық аралау барысында саябақ алдындағы қоғамдық кеңістіктің қазіргі жай-күйі қаралды. Аумақтың санитарлық тазалығына, абаттандырылу деңгейіне және тұрғындар мен келушілер үшін қолайлылығына назар аударылды.

    Сондай-ақ Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары тексерілді.

    Биыл Абай даңғылы бойындағы 11 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу барысына назар аударылды.

    Инспекциялық аралау ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, қалалық кеңістіктердің жай-күйін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жүзеге асырылуын бағалауға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары