ТЖД келбеті : Бегім Алдабергенов

    1 / 3

    Құтқарушылар күні қарсаңында халық қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкеріміздің бірі - Жамбыл облысы ТЖД №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Алдарбергенов Бегім Ерланұлын таныстырамыз. Бегім Ерланұлы азаматтық қорғау саласында 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде әріптестерімен бірге түрлі өрт оқиғалары мен төтенше жағдайларды жоюға қатысып, адам өмірі мен мүлкін қорғауға өз үлесін қосып келеді. Қауіп пен қатерге қарамастан көмекке ұмтылу, әр секундтың қадірін білу және өз міндетіне адал болу - құтқарушы қызметінің басты ерекшелігі. Бұл - жүректегі батылдық пен кәсіби шеберлікті қатар талап ететін абыройлы мамандық. Еңбектеріңіз ел алғысына бөленсін!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары