Құтқарушылар күні қарсаңында Сарысу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, аудан мектептерінің оқушылары арасында жарыс ұйымдастырды. Іс-шараға 15 мектептен 15 команда қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті: өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, жауынгерлік қанат жаю және алғашқы медициналық көмек көрсету. Оқушылар жылдамдықтарын, ептіліктерін, командалық үйлесімділігін және қауіпсіздік ережелері бойынша білімдерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен бес команда грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құтқарушы мамандығын насихаттау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын жетілдіру.
Жамбыл облысы ТЖД









