БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

    1 / 9

    Павлодар облысы Май ауданында шағын жинақты мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруға бағытталған ресурстық орталықтың алғашқы оқу сессиясы өтті.

    Үш күн бойы ауданның шағын жинақты мектептерінің 10–11-сынып оқушылары Көктөбе тірек мектебінде білім алып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

    Оқу сессиясының негізгі мақсаты – оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру, пәндік білім деңгейін көтеру және сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыру. Тірек мектеп базасында ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, қорытынды аттестаттау мен алдағы маңызды сынақтарға дайындалуына ықпал етеді.

    Сонымен қатар, оқушыларға арналған психологиялық тренингтер өткізіліп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бұл шаралар жасөспірімдердің өз қабілеттерін тануына, кәсіби бағдарын айқындауына және алдағы өмірлік мақсаттарын белгілеуіне мүмкіндік берді.

    Ресурстық орталық жұмысы – ауыл мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруге, әрбір оқушының әлеуетін ашуға және сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары