«СЭҚ» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

    1 / 2

    Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Романовский продукт» өндірістік объектісінің өкілдерімен «СЭН» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында кәсіпорын өкілдеріне ақпараттық жүйемен жұмыс істеу тәртібі және цифрлық сервистің негізгі мүмкіндіктері түсіндірілді.
    Ақпараттық жүйеге мәліметтерді дұрыс енгізу және онымен жұмыс істеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлік субъектілерінің ақпараттандырылу деңгейін арттыруға, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жетілдіруге және мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған.
    Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары