16 қазанда Халықаралық нан күні атап өтіледі. Бұл мереке нанның қадір-қасиетін, диқан еңбегіне деген құрметті және ауыл шаруашылығының ел игілігін арттырудағы маңызын еске салады.
Айыртау ауданы – ежелден егіншілік дәстүрі қалыптасқан, астық өсіруге бейім өңір. Әрбір масақтың артында туған жерге деген сүйіспеншілік, кәсіби шеберлік пен тынымсыз еңбек тұр. Ауданымыздың диқандары жыл сайын елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және туған өлкеміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді.
Биыл ауданда дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 17,8 центнерді құрады. Бұл жетістіктер – ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және туған жерге деген адалдығының нәтижесі.
Барша диқандарға, аграрлық сала қызметкерлеріне және ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне табанды еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Әр жыл мол өнім мен берекеге толы болсын! Әр шаңырақта нан мен ырыс-несібе молайып, елдің тұрмысы жақсара берсін! Ауыл еңбеккерлерінің еңбегі әрдайым лайықты бағаланып, құрметке бөлене берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке, елімізге тыныштық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Құрметпен, Айыртау ауданының әкімі М.Меңдібаев









