Облыс әкімінің Халықаралық нан күніне арналған құттықтауы

    16 қазан – Халықаралық нан күні. Нан – қай заманда да тіршіліктің нәрі, береке мен молшылықтың, ырыс пен ынтымақтың символы. Әрбір алтын дәнде туған жерге деген сүйіспеншілік, адал еңбек пен маңдай тердің табы жатыр.

    Астықты өлке саналатын Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл күннің мәні ерекше. Өңіріміз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосып келеді. Диқандардың жыл сайынғы толайым табыстары облысымыздың аграрлық әлеуетінің жоғары екенін айқын көрсетеді.

    Биыл да диқандарымыз еселі еңбектің жемісін көріп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Облыста дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 17 центнерді құрады. Бұл – еліміздің негізгі астықты өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Осынау жетістіктердің артында мыңдаған ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен табандылығы тұр. Жердің берекесін арттырып, ел ырысын еселеп жүрген барша еңбек адамдарына шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбітшілік пен құт-береке тілеймін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары