«DON BATON»: отбасылық арманнан табысты бизнеске дейін!
Атбасар қаласында есіктен кірген сәттен бастап жаңа піскен нан мен тәтті тоқаштардың хош иісі қарсы алатын ерекше орын бар. Бұл — өзінің өнім түрлерімен, күн сайынғы балғын нанымен, тәтті пісірмелерімен және жартылай фабрикаттарымен қала тұрғындарының көңілінен шығып үлгерген «DON BATON» шағын наубайханасы. Бұл табыстың артында Мейрамовтар отбасы мен «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының арқасында өз арманын шындыққа айналдырған кәсіпкер Аида Мейрамова тұр. Бағдарлама ауыл тұрғындарына өз ісін ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Атбасар ауданында да бағдарламаға деген қызығушылық артып келеді: 2023 жыл — жалпы сомасы 71,2 млн теңгені құрайтын 19 өтінім берілді. 2026 жыл — жалпы сомасы 345,2 млн теңгені құрайтын 25 өтінім қаралу үстінде және қаржыландырылған өтінімдер қатарында. «DON BATON» наубайханасының тарихы үлкен арманның табысты кәсіпке айнала алатынын дәлелдейді. Ол үшін еңбек етуге деген ынта мен қолдау алу мүмкіндігі қажет! Кәсіп ашу туралы идеяңыз бар ма? Ендеше, іске кірісетін уақыт келді! «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы аудан әкімдігінен біліп, өз ісіңізге алғашқы қадам жасаңыз. Бәлкім, Атбасар ауданындағы келесі табыс тарихы дәл сіздікі болар!





