ШҚО-да тұмау, COVID-19 және басқа да ЖРВИ-дің алдын алу бойынша облыстық семинар өткізілді
2026 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау, COVID-19 және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық онлайн-семинар өткізілді.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары және облыстың медициналық ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мен шақырылған мамандар өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.
Атап айтқанда, ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Қалықова 2025–2026 жылдардағы эпидемиялық маусым қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен облыстағы ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайы, сондай-ақ 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық барысы туралы баяндады.
Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Р.Тулесова алдағы эпидемиялық маусымда тұмау, COVID-19 және басқа да ЖРВИ-дің алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін түсіндірді.
ШҚО-ның штаттан тыс бас эпидемиологы А.Аринова «ЖРВИ және тұмау: клиникасы, диагностикасы және профилактикасы» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар «Ұлттық сараптама орталығы» ШҚО филиалының дәрігер-вирусологы Г.Қасымханова зертханалық зерттеулер үшін сынама алу, биологиялық материалдарды сақтау және тасымалдау, зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ЖРВИ мен тұмау бойынша электрондық есепке алу тәртібі туралы ақпарат берді.
Семинар барысында эпидемиялық маусым кезінде инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу, медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.