Жетісу облысының полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында полицейлер TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының 35 жастағы тұрғыны Ерменбетова Анеля Маратовна тікелей эфир барысында алкогольдік ішімдік ішіп, бейәдеп сөздер қолданған.
Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын жедел анықтап, тиісті шаралар қабылдады.
Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция әлеуметтік желілер заңсыз әрекеттер үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Көпшілікке қолжетімді тікелей эфирлерде де заң талаптары мен қоғамдық тәртіп нормалары сақталуы тиіс.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ. Әрбір азамат қоғамдық орындарда да, интернет кеңістігінде де өз әрекеті үшін жауапты.
Жетісу облысының полициясы тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және кез келген заңға қайшы әрекет заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ұмытпауға шақырады.









