Астанада тәртіп сақшылары сәбиге дер кезінде көмектесті

    Астана қаласының Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары – полиция аға лейтенанттары Абданбеков Жандос пен Құралбаев Асет тұрғынға шұғыл көмек көрсетті.

    Оқиға кезінде қала тұрғыны жасқа толмаған баласын 16 жастағы сіңлісіне қалдырып, емханаға кеткен. Алайда үйге оралған кезде есікті ешкім ашпаған. Пәтердің ішінен сәбидің жылаған дауысы естілген.

    Анасы дереу көмек шақырып, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екенін ескеріп, есікті бұзып ашып, пәтерге кірген.

    Үйдің ішінен 11 айлық сәби жылап жатқан күйінде табылған. Ал 16 жастағы қыздың қатты ұйықтап жатқаны анықталды.

    Полиция қызметкерлері баланы қауіпсіз жерге алып, анасына тапсырды.

    Сәбидің амандығына көз жеткізген анасы полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі мен кәсібилігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

    Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, әрі батыл әрекеті баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары