ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

    1 / 2

    Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау жүргізу жұмыстарын жалғастыруда.

    2026 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен берілген лицензиялардың шарттарын бұзу фактілеріне байланысты кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды.

    Бақылау іс-шаралары шеңберінде жер қойнауын пайдалану учаскелеріне барып тексеру жүргізіледі. Тексеру барысында кен іздеушілік қызметті жүзеге асыру кезінде белгіленген талаптардың сақталуы қаралады. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

    Бұл бағыттағы жұмыс кен іздеушілік қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген талаптарды сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары