Кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша анықталатын бұзушылықтар

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айлары аралығында 948 кедендік тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 29,6 млрд. тг. есептеліп, 19,6 млрд. тг. өндіріп алынды.

    Өткен жылмен салыстырғанда қосымша есептелген сомалар 195% -ға, ал өндіріп алынған сомалар 247% -ға өсті.

    Кедендік тексерулердің 84% -ында бұзушылықтар анықталды.

    Бұзушылықтардың түрлері

    Кедендік тексерулер жүргізу барысында анықталатын бұзушылықтардың ішінде келесілер ерекшеленеді:

    - Кедендік құнды дұрыс айқындамау – 40%.

    - Тауарларды СЭҚ ТН бойынша дұрыс сыныптамау – 20%.

    - Пайдаланылуы және (немесе) оған билік етуі шектелген тауарларды мақсатсыз пайдалану – 17%.

    - Кедендік рәсімдердің шарттарын бұзу – 5%.

    Бұл ретте бұзушылықтардың негізгі үлесі цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын СЭҚ қатысушыларға – 19%, тауарлардың кең ассортиментімен көтерме сауда жасауға – 16,2%, тауарлармен көтерме-бөлшек сауда жасауға – 13,5%, энергетикалық сусындар өндіруге – 4% тиесілі.

    Кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептеледі, кедендік декларацияларға түзетулер енгізіледі, сондай-ақ құқық бұзушыларды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

    Кедендік тексерулердің тиімділігін арттыру мақсатында бұзушылықтар схемаларын және кедендік бақылау тәуекелдері бар объектілерді анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.

    Қазіргі уақытта ҚХР-нан тәуекел тобына жатқызылған «жалпақ металл прокаты» тауарларын әкелетін бірқатар компанияларға қатысты тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған компаниялар демпингке қарсы бажды төлеу жөніндегі міндетті тиісінше орындамау белгілері бойынша тәуекел тобына жатқызылған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары