ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ БАЛАЛАРҒА САТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ!

    ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ БАЛАЛАРҒА САТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ!

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 16-2-тармағына сәйкес дәрілік заттарды балаларға сатуға жол берілмейді.

    Дәріхана ұйымдары дәрілік заттарды өткізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

    Назар аударыңыз!

    Балалардың дәрілік заттарды өз бетінше сатып алуы және қолдануы олардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Дәрілік заттарды дұрыс қолданбау улануға, жағымсыз реакцияларға және денсаулыққа зиян келтіруге әкелуі ықтимал.

    Осыған байланысты дәрілік заттарды балаларға сатуға жол бермеу – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды талап.

    Заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.

    Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті дәріхана ұйымдарын заңнама талаптарын сақтауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

    Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары