Өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшесінде профилактикалық бақылау

    Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау және дербес өмір сүру дағдыларын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

    Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшесінің қызметі.

    Бөлімшенің негізгі мақсаты – қызмет алушылардың күнделікті өмірде өздігінен шешім қабылдауына, тұрмыстық қажеттіліктерін орындауына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және қоғам өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау.

    Бөлімшеде қызмет алушыларға тамақ дайындау, жеке бас гигиенасын сақтау, тұрғын үйді күтіп ұстау, қаржыны тиімді пайдалану, қоғамдық орындарда өзін ұстау және әлеуметтік қарым-қатынас орнату сияқты күнделікті өмірге қажетті дағдыларды меңгеруге қолдау көрсетіледі.

    Сонымен қатар, мамандар тарапынан әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-құқықтық бағыттар бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір қызмет алушының жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріліп, олардың дербестігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

    Өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметі мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік оқшаулануын азайтуға, өзіне деген сенімділігін нығайтуға және тәуелсіз өмір сүруге біртіндеп бейімделуіне ықпал етеді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапалы көрсетілуін, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.

    Өз бетінше тұруды сүйемелдеу – бұл тек әлеуметтік қызмет көрсету ғана емес, әрбір адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына, дербестігін дамытуына және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруіне бағытталған маңызды қолдау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары