АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    1 / 14
    АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
    Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарға жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған түйткілдерді ортаға салып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй мәселелеріне қатысты өтініштерін жеткізді.
    Азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың шешілу жолдарын ұсынып, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға әсер ететін мәселелерге назар аударды.
    Қабылдауда көтерілген мәселелер мен айтылған өтініштердің, ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын айтқан Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына қолданыстағы заңнама аясында тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Берілген әрбір тапсырманың орындалуы бақылауда болатынын ескертті.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары