Ауданның игілігі жолындағы еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

    15 қазанда аудандық мәдениет үйінде Айыртау ауданы мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

    Бұл кездесу халық қалаулыларына жауапкершілігі, белсенді азаматтық ұстанымы, маңызды мәселелерді шешуге атсалысуы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін білдірілген алғыстың көрінісі болды.

    Іс-шарада Айыртау ауданының әкімі Мейрам Мендыбаев құттықтау сөз сөйлеп, нәтижелі қызметі, халықтың мүддесін қорғауы және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді қатысқаны үшін депутаттарға алғыс хаттар табыстады.

    VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының жұмыс кезеңінде 50 сессия өткізіліп, 507 шешім қабылданды. Оның ішінде 286 нормативтік құқықтық акт бар. Сессияларда бюджет, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, халықты әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, жылыту маусымы және су тасқынының алдын алу мәселелері қаралды.

    Аудан әкімінің алғыс хаттарымен Гүлмира Әбілқайырова, Әсет Қожахметов, Наталья Голимбовская, Наурызбек Қабдушев, Айгерім Омарова, Саят Жақсылықов, Ирина Бурковская, Самат Қосжанов және Бақытбек Дүйсенов марапатталды.

    Салтанатты іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Тұралынов, Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Әбілқайырова және «Ключи GCK» ЖШС директоры Самат Қосжанов та сөз сөйледі.

    Жиын барысында депутаттарға атқарған жұмыстары, бастамашылдығы және аудан тұрғындарының мәселелеріне бейжай қарамағаны үшін алғыс айтылды. Депутат болу — халықтың мүддесін білдіру ғана емес, сонымен қатар туған өлкенің болашағы үшін жауапкершілік арқалау.

    Салтанатты кездесу Айыртау ауданының игілігі жолындағы алдағы қызметтеріне сәттілік, зор денсаулық және амандық тілеген ізгі ниеттермен аяқталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары