1 / 5
Айналаңның әсем, мұнтаздай таза болғаны әрдайым көңіл қуантады. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан қаламызда тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Ауа-райының тосын мінезіне қарамастан тазалық жұмысы тоқтаған емес. Олардың өлшеусіз еңбектеріне қандай құрмет көрсетсек те жарасымды.
Осы ретте Арал қаласының әкімі Жанаев Ренат Қуанғанұлы Еңбек күні мерекесі қарсаңында күннің ыстығы мен суығына төзіп, қолайсыз ауа-райында да қала аумағының тазалығында жауапты қызмет атқарып жүрген бірқатар еңбек қызметкерлеріне ыстық ықыласын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хаты мен өз құттықтауын және сый-сияпатын табыстады.
Құттықтауда қала әкімі Р. Жанаев еңбек адамының қашанда еңсесі биік екенін тілге тиек етіп, бүгінгі қоғам өміріне салмақты үлесін қосып жүрген азаматтардың еңбектеріне риясыз алғысын білдірді.
“Арал қаласы әкімінің аппараты” КММ









