1 / 12
Арал қаласының әкімі Жанаев Ренат Қуанғанұлы Арал қаласының бірқатар қазыналы қарттары мен еңбек ардагерлерін қабылдап, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Мерекелік бас қосуда алдымен қала әкімі Р. Жанаев сөз алып, құттықтау сөзімен бөлісті: «Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! «Қарты бар елдің - қазынасы бар» демекші, біздің қоғамымыздың рухани тірегі, өнегелі өмір жолы мен адал еңбектің символы - Сіздерсіздер. Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, табанды еңбекпен туған жердің шежіресін жазған қазыналы қарттарға құрмет көрсету - біздің басты парызымыз. Осынау айтулы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға береке мен молшылық тілеймін. Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, әрбір атқан таңыңыз қуанышқа толы болсын!», - деп ізгі лебізін арнап, құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.
Жиын соңында қонақтарға ақ дастархан жайылып, барша қатысушылар емен-жарқын пікір алысып, мерекеге орай өзара жылы лебіздерін білдірді.
“Арал қаласы әкімінің аппараты” КММ









