2026 жылдың 14 қазанында Алматы облысы Кеген ауданының Кеген ауылында, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.К.Самашевтың «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдауы өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары да қатысып, азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері әділет органдары қызметінің бағыттары, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша қаралды. Сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді талап ететін өтініштер белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылданды. Азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі түсіндірілді.
Мұндай өзара іс-қимыл форматы халықпен тікелей диалог орнатуға, өзекті құқықтық мәселелерді уақтылы анықтауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Алматы облысы Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕГЕН АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
1 / 4
Ұқсас материалдар

Азаматтармен ашық диалог жалғасуда
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мәселелері бойынша кездесу өтті
Құланды ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды кім ала алады
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Алматы қаласында «Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шықты
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіАшу
Сырдан сазды сәлем: Қазақ өнері Берлин төрінде
Құланды ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Алматы облысының Әділет департаментіАшу