Астана полициясы жеке күзет ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді

    1 / 4

    Бүгін елордада Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Әділбековтің төрағалығымен жеке күзет ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.
    Кездесудің негізгі тақырыбы білім беру ұйымдарының, ойын-сауық орындарының және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
    Қатысушылар нысандарды күзетуді ұйымдастыру, өткізу режимін күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады. Әсіресе елорданың білім беру ұйымдарына үшкір және кескіш заттар мен кастеттерді алып кіру деректеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өткізу режимінің сақталуын бақылауды күшейту және мұндай жағдайлардың алдағы уақытта алдын алу шаралары қарастырылды.
    Жеке бөлімде ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау және оқиғаларға жедел ден қою мәселелеріне басымдық берілді.
    Кеңес қорытындысы бойынша полиция мен жеке күзет ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, нысандарды күзету сапасына қатысты жауапкершілікті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
    Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелі тәсілді, кәсібилікті және күзет қызметіне қатысушылардың үйлесімді жұмысын талап етеді. Балалардың, қоғамдық орындарға келушілердің және өзге де азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары