Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

    1 / 4

    Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырысты облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ғалымжан Елеуов жүргізді. Күн тәртібінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері қаралды.

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева әлеуметтік қолдау шараларының жүзеге асырылуы, мүгедектігі бар әйелдерді қолдау және әйелдерді жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

    Отырыста әлеуметтік төлемдердің атаулылығын қамтамасыз ету, әйелдерді тұрақты жұмыс орындарына орналастыру, ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту және көпбалалы, жас балалары бар әйелдерді қолдау мәселелеріне назар аударылды.

    Комиссия мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және әйелдердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстарын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары