Қоғамдық кеңес жұмысы жоспарына сәйкес отырыста «Ауыл Аманаты» бағдарламасын Қостанай ауданында іске асыру туралы «Ауыл шаруашылығы» бөлімі жетекшісі М.К. Боқишевтің есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, аудан азаматтық патриотизмін тәрбиелеу бойынша жастармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі міндетін атқарушы Б. Г. Жақенова есеп берді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдар жұмысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты Қостанай облысы бойынша «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету» басқармасының басшысы Дощанов Т.С. ұсынды.
Әрбір сөз сөйлегеннен кейін Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, нақты жауап алды
Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылған мәселелер бойынша оларды орындау үшін ұсыныстар берілді.


