2026 жылғы 8 қазанда мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

    Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 8 қазанда сағат 11.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

    Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:

    1. Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 320 «Қостанай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    2. Мәслихаттың 2026 жылғы 9 шілдедегі № 372 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    3. Қостанай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
    4. Мәслихаттың 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 50 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
    5. Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    6. Мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 74 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары