«БАЛАЛАР ДЕБАТЫ»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ

    «БАЛАЛАР ДЕБАТЫ»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ
    📅 2026 жылғы 13 қазанда Тарбағатай ауданының «Қ. Төгісов атындағы орта мектебі» КММ базасында «Балалар дебаты: тәрбиеленушілердің өз ойын еркін жеткізу, тыңдау және дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.
    🎯 Семинардың мақсаты – дебат элементтері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу. Семинарға ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
    📚 Бағдарлама аясында педагогтер өз тәжірибелерін ұсынып, түрлі тақырыптарда практикалық жұмыстар жүргізді:
    * 🧩 Ошанова Әйгерім Асқарқызы – «Ойын арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру»;
    * 💬 Әзімбекқызы Мархабат – «Баланың үні: дебат арқылы еркін ойлау және өз ойын жеткізу»;
    * 🐾 Жарылғасинова Мейрамгүл Ұлықбановна – «Үй жануары баланы мейірімді болуға үйрете ме?»;
    * 🍎 Серікқажы Шынар – «Дәмді пікірталас: жемістер мен көкөністер әлемінде балалардың еркін сөйлеу дағдыларын дамыту»;
    * 🌿 Ақаева Арайлым – «Ненің пайдасы көп?» (экология және табиғат);
    * 🎤 Қызырбекова Шағала Қызырбекқызы, «Балауса-Балғын» бөбекжайының педагогі – «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дебат элементтері арқылы дамыту: тәжірибе және тиімді тәсілдер»;
    * 🎲 Ақылбекова Мөлдір Ерланқызы – «Мектепке дейінгі балалардың еркін ойлау және өз пікірін білдіру дағдыларын ойын арқылы дамыту»;
    * 📖 Қанағатова Гаухар Қажықанқызы – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
    🗣️ Педагогтер тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың өз ойын еркін жеткізу, пікірін дәлелдеу, өзгені тыңдау және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын көрсетті. Ойын, зерттеу, пікірталас пен шығармашылық тапсырмалар арқылы дебат элементтерін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдері қарастырылды.
    🤝 Семинар соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ұсынылған әдістемелік жұмыстарды талқылады.
    🌟 Кездесу мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, озық тәжірибені таратуға және білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға ықпал етті.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары