«ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ


2026 жылғы 12 қазанда Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен педагогтер арасында «Ғажайып театр әлемі» театрландырылған қойылымдар байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, театр өнеріне қызығушылығын арттыру, сахналық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ педагогтердің шығармашылық ізденісін қолдап, озық тәжірибелерін насихаттау.
Қатысушылардың қойылымдарын тамашалаған әділқазылар алқасы жұмыстарды байқау ережесінде белгіленген өлшемшарттар бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады.


Бас жүлде – «Балауса-Балғын» бөбекжайының «Қарлығаш» ересек тобы.
Қойылым жетекшілері: Л. Тусипова, Д. Исбекова.

І орын – «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің «Балбөбек» шағын орталығындағы «Балауса» ересек тобы.
Жетекшілері: А. Базарбаева, К. Хамзина.

ІІ орын – «Балауса-Балғын» бөбекжайының 4 жастағы ересек тобы, Қосын Айтөре.

ІІ орын – Б. Момышұлы атындағы негізгі орта мектебінің тәрбиеленушілері Қайырбеков Азамат пен Серік Құдірет.

ІІІ орын – «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің мектепалды сыныбы.

ІІІ орын – «Жасұлан» бөбекжайының ересек тобы.

ІІІ орын – «Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің «Айгөлек» шағын орталығының ересек тобы.

«Ертегі әлемінің жұлдыздары» номинациясы – «Ай-Тұмар» жеке меншік балабақша-бөбекжайы, жетекшісі А. Сәлімбекова.

«Болашақ театры» номинациясы – «Балауса-Балғын» бөбекжайы, жетекшілері Г. Хабибулина, Ж. Шағманова.

Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!