1 / 5
Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің төрағалығымен ірі, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Жиын барысында кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы мерекелік безендіру мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі кәсіпкерлердің өз нысандарына іргелес аумақтардың тазалығы мен көріктендірілуіне жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар мерекелік безендіру жұмыстарын ұйымдастыру және ауданның сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы бірлескен іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу соңында жауапты тұлғалар мен бизнес өкілдеріне өзара үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсыныстар айтылды.









