Ағымдағы жылдың 5 қазанында Жетісу облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Еркін Дәулетұлы 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес Департаментке жаңадан қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметші, бас маман Айдос Алпамыс Айдосұлымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында жаңа қызметкерге қызметтік әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттары, лауазымдық міндеттерін сапалы әрі адал орындау, халыққа тиімді мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдеп нормаларын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департаменттің ішкі еңбек тәртібі мен ұжымдық мәдениет қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.








