2026 жылғы 14 қазанда Көкпекті ауылындағы Мәдениет үйінде Қаратал ауданының әкімі У. Досымбековтің Айту ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында ұйымдастырылды.
Кездесу басталмас бұрын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қажетті түсініктемелер берді.
Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындарды ауданның 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, жыл соңына дейінгі жоспарлар мен басым міндеттер туралы баяндады.
Ауыл тұрғындары аудан әкіміне жүзеге асырылған жобалар, атап айтқанда, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ФОК) құрылысы және Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілгені үшін алғыстарын білдірді. Бұл жұмыстар ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, ашық диалог барысында Сейфуллин көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау, ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су мұнарасын меншікке беру, сондай-ақ табиғи газдың құны мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қосымша зерделеуді және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін мәселелер бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар берілді.
Халықпен кездесулер тұрғындардың пікірін ескеруге, ауылдық аумақтарды дамытудың басым бағыттарын айқындауға және өзекті мәселелерді уақтылы шешуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Қаратал ауданының әкімі Айту ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
1 / 6
Ұқсас материалдар

Шетелдегі отандастар арасында өтетін «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауы туралы
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы ЕлшілігіАшу
«Көшпенділер» жәрмеңкесі
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" КММАшу
Отырысы
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыАшу
Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
АҚШ ТӨРІНДЕ КӨК ТУЫМЫЗ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ!
"Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасы" КММАшу
"Қаратал ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Қаратал ауданының әкімі Ұмтыл ауылының тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Қаратал ауданының әкімі Жолбарыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Қаратал ауданының әкімі Тастөбе ауылының тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
Қаратал ауданының әкімі Бастөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Қаратал ауданының әкімдігіАшу